Logo
Іздеу
Айдарлар

Күн суытып, үсік жүреді: 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

/
Күн суытып, үсік жүреді: 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
pixabay.com

12 қыркүйекте ел аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлім етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Метеорологтардың болжауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыс пен оңтүстік-батыста нөсерлі жаңбыр жаууы мүмкін. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз күн райы сақталады.

Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Қостанай облысының солтүстігінде ауа температурасы түнде -2°С-қа дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтілуде.

Бірқатар өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады: Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының батысында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Қостанай мен Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында.

Ал төтенше өрт қаупі келесі аймақтарда болжанып отыр: Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Маңғыстау облысының солтүстік-батысы, орталығы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында және Ұлытау облысының оңтүстігінде.