Logo
Іздеу
Айдарлар

"16 жыл бірге тұрдық": Дариға Бадықованың күйеуі шаңырағының шайқалғанын айтты (ФОТО)

/
"16 жыл бірге тұрдық": Дариға Бадықованың күйеуі шаңырағының шайқалғанын айтты (ФОТО)
әлеуметтік желіден

Танымал актриса Дариға Бадықованың жұбайы, актер Дархан Мұсаев көпшілікті таңғалдырған жеке мәлімдеме жасады, деп Arasha.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Театр саласының маманы әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба қалдырды.

"Құрметті ағайын! Көптің көкейінде жүрген сауалға бүгін жауап беруді жөн көрдім. 2008 жылдың 11 тамызында Дариға Бадықовамен заңды некеге отырдық. 16 жыл ерлі-зайыпты болып бірге өмір сүрдік. 2024 жылдың күзінде некені бұзу жөнінде өтініш жазып, ресми түрде ажырастық. Қазіргі таңда менің өмірімде де, өнерде де Дариға Бадықовамен ортақ байланыс жоқ", – деп жазды ол.

Бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

"Неге 16 жылдан кейін ажырасқан екен", "Олжас пен Дариға жасырып жүр еді, күйеуі айтып қойды", "Бала-шағасы бар ма екен?!", “Экс күйеуі құпиясын айтып қойды ма?!", "Қаншама жыл бірге қмір сүріп, ажырасу оңай емес", – деп жазды көпшілік.