Logo
Іздеу
Айдарлар

Актөбеде белгілі дәрігерді өлтіріп, тоңазытқышқа жасырған

/
Актөбеде белгілі дәрігерді өлтіріп, тоңазытқышқа жасырған
Сурет: pexels

Актөбеде 25 қыркүйекте 69 жастағы дәрігер Абай Айсағалиевтің өліміне қатысты іс бойынша сот басталады. Дәрігердің 31 жастағы әріптесі (медаға) кінәсін мойындады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу дерегінше, медаға қылмысты алдын ала жоспарлаған. Ол дәрігердің жалғыз тұратынын және банк шотында ақшасы барын білген. Шоттарға қол жеткізу үшін ол Айсағалиевтің телефонына банк қосымшасын орнатып, құпиясөзін есте сақтап қалған, деп жазды Orda.kz.

25 мамырға қараған түні Астанадан операциядан кейін оралған дәрігер әріптесін үйіне кіргізген. Сол кезде оған пышақ және балтамен соққы жасалған. Мәйітті тоңазытқышқа жасырған, кейін басқа жерге апарған. Ал ақшаны банкоматтардан шешіп алған. Қаскөй барлығы жеті миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.

Айыпталушы өкініп, істі алқабилер қатысуымен қарауды сұрады.

Абай Айсағалиев құрметті нефролог болған. Ол медицина саласында ондаған жыл еңбек еткен. Актөбеде оны кәсіби маман ретінде жақсы білетін және жоғары бағалаған.