Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматы облысында оқушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты, құрбан болғандар бар

/
Алматы облысында оқушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты, құрбан болғандар бар
Сурет: видеодан скрин

«Сокол» бау-бақша қауымдастығы аумағында балалар мінген жолаушылар автобусы Hyundai Accent көлігіне соқтығысты, деп хабарлайды Arasha.kz.
 
ZTB news телеграм арансында жарияланған видеодан рюкзак таққан оқушылардың автобустан асығыс шығып жатқанын көруге болады. Жанында ес-түссіз жатқан екі адам бар, балалардың дауыстары естіледі.

Полиция дерегінше, жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған, ал оның жолаушысы ауруханада қайтыс болған. Басқа жолаушылар зардап шекпеген.

Алдын ала ақпарат бойынша, Hyundai жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде автобусқа жол бермеген. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу барлық мән-жайды анықтап жатыр. Іс Алматы облыстық ПД басшылығының бақылауында.