Logo
Іздеу
Айдарлар

Жасөспірім жоғары сынып оқушыларымен төбелестен кейін көз жұмды

/
Жасөспірім жоғары сынып оқушыларымен төбелестен кейін көз жұмды
Сурет: ашық дереккөзден

Оқиға Жамбыл облысының Шу ауданында Естемесов атындағы орта мектептің 10 және 11-сынып оқушылары арасындағы футбол матчыннан кейін Көкқайнар ауылында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кіші сыныптың жеңісі қайғылы аяқталды. Жеңілісті мойындамаған үш 11-сынып оқушысы қарсыластарын «Нұрхан» дүкенінің артына жинап, соққыға жыққан, деп жазды HALYQSTAN телеграм арнасы.

Қақтығыс кезінде 2008 жылы туған Н.Т. 2010 жылы туған М.А-ның кеуде тұсына соққы жасаған, салдарынан ол есінен танып қалған.

Оқиға жайлы жәбірленушінің анасына дүкен сатушысы хабарлаған.

Жасөспірімді үйіне жеткізген. Ол өзін жайсыз сезініп, құсып, тыныс алуы қиындағанын айтқан. Өкінішке қарай, бала жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Полиция департаменті хабарлағандай, бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 17 және 16 жастағы екі күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта істі толық, объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге мәліметтер жария етілмейді», – делінген ресми хабарламада.