Logo
Іздеу
Айдарлар

Шымкентте мешіт өртенді

/
Шымкентте мешіт  өртенді
Сурет: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Шымкент қаласында мешітте өрт шыққан, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бүгін 112 пультіне К.Әділбеков көшесінде, Тұран ауданында орналасқан екі қабатты мешіттің шатырынан түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түсті. Қалалық ТЖД жедел қызметі дереу оқиға орнына жетіп, шатырдың ағаш құрылымдарын ашып, өртті сөндірді», – делінген сенбі күнгі хабарламада.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ екені нақтыланды.

«ТЖМ өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін еске салады!» – деп атап өтілген хабарламада.