Logo
Іздеу
Айдарлар

Семейде КамАЗ шұңқырға түсіп кетті

/
Семейде КамАЗ шұңқырға түсіп кетті
Сурет: HALYQSTAN

Семей қаласында Ибраев пен Уранхаев көшелерінің қиылысында, жуырда ғана жылу желісі жөнделген жерде, жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

15 тонна топырақ тасып келе жатқан жүк көлігі опырылған жолға батып кеткен, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.

Абырой болғанда, жүргізуші зардап шеккен жоқ.

«37 жастағы жүргізуші Шансиман аталған аумақпен өтіп бара жатып, көліктің жартылай шұңқырға түсуіне жол берген. Тек материалдық шығын келтірілді», – деп хабарлады Абай облысының ПД.