Logo
Іздеу
Айдарлар

Ұлытау облысында полицей ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды

/
Ұлытау облысында полицей ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды
Сурет: ЖИ

Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасарын ҚКҚ (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері ҰҚК-нің қолдауымен ұстаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аймақтық «Патриот» басылымының дерегінше, пара беру кезінде орынбасар ғана емес, оның қарамағындағы тергеуші де қолға түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, оларды Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерін «Достық» дәмханасының жанында ұстапты. Пара мөлшері бес миллион теңге болған.

«Азаматтық тұлға бес миллион теңгені қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін берген. Бұл жемқорлық мәміледе ақшаны нақты кім бергені және кім алғаны әзірге тергеу құпиясы болып тұр. Дегенмен ҚК 366-бабының 3-бөлігі бойынша (топ болып пара алу) қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала айтқанда, полицейлер келісіп әрекет еткен»,  - делінген хабаламада.

«Патриоттың» мәліметінше, полиция өкілдері журналистерге түсініктеме беруден бас тартқан. Олар бұл істі Ұлытау облысы бойынша ҰҚК департаменті тергеп жатқанын алға тартқан.

Ұлытау облыстық ПД-ті Orda.kz сайтына Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің екі қызметкерінің ұсталғанын растаған. Олар жұмыстан теріс себептермен босатылды. Тергеу жүріп жатыр.