Logo
Іздеу
Айдарлар

ІІМ электросамокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салуды ұсынды

/
ІІМ электросамокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салуды ұсынды
Сурет: Астана әкімдігі

Ішкі істер министрлігі электросамокаттардың тротуармен қозғалуына тыйым салуды ұсынды, бұл туралы вице-министр Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазір мәселені электросамокаттар туғызып отыр. Бақылауды күшейту жөніндегі ұсыныстар былтыр енгізілген еді. Олардың бірқатары қолдау таппады. Осыған байланысты жаңа түзетулер әзірленді: электросамокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салу; кикшерингілік компанияларға міндет жүктеу; олардың пайдалану ережелерін бекіту құқығын әкімдіктерге беру», – деді Лепеха дүйсенбі күні Үкімет отырысында.

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда электросамокаттардың қатысуымен 360 жол апаты тіркелген.

«Электр мопедтері мен самокаттарын пайдалануға бақылауды күшейту қажет. ІІМ-ге тиісті заңнамалық түзетулерді жеделдетіп енгізуді тапсырамын. Жалпы алғанда, азаматтардың жолдағы өмірі мен денсаулығын сақтау – әрбір мемлекеттік орган мен әкімдіктің қызметіндегі басым бағыт болып қала береді», – деді Премьер-Министр Олжас Бектенов.