Әлемнің жетекші сарапшылары Астанада жасанды интеллект орталығының ашылуына қатысады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Павел Дуров 2025 жылдың 2 қазанында Астанаға келіп, халықаралық alem.ai жасанды интеллект орталығының ашылуына қатысады.
Іс-шараға президент Тоқаев пен әлемдік сарапшылар – БАӘ жасанды интеллект министрі Омар әл-Олама, Стэнфорд профессоры Илья Стребулаев, Кай-Фу Ли және Питер Норвиг келеді.
Сол күні Generative Nation Pitch өтеді, онда мектеп оқушылары, студенттер және стартаптар өздерінің AI-жобаларын инвесторлар мен сарапшылардың алдында таныстырады.
2-4 қазан аралығында Астанада аймақтың ең ірі IT-форумы – Digital Bridge 2025 өтеді. Биыл ол бюджет қаражатынсыз ұйымдастырылып отыр.
2024 жылы Дуров Қазақстанға келген сапарында елдің бизнес-климатын жоғары бағалап, Telegram-ды ай сайын 12,5 млн қазақстандық қолданатынын атап өткен еді.
«ВКонтакте» мен Telegram-ды негізін қалаған миллиардер әрі медиа тұлға Павел Дуров тәуелсіз көзқарасымен және ерекше өмір салтымен танымал. Қазіргі таңда ол Дубайда тұрады және Франция азаматтығына ие.