Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада қазақша күрес турнирінде жарақат алған оқушы көз жұмды

/
Астанада қазақша күрес турнирінде жарақат алған оқушы көз жұмды
Сурет: ашық дереккөзден

Ақтөбеден келген 15 жастағы мектеп оқушысы қазақша күрес турнирінде жарақат алып, қайтыс болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 7 қыркүйекте Ақмола облысының Ерейментау ауданында болған. Белдесу кезінде ол қарсыласының әдісінен кейін құлап, мойнын сындырып алды.

Жасөспірімді Астанаға жеткізіп, дәрігерлер бір апта бойы оның өмірі үшін күресті. Алайда 15 қыркүйекте ол қайтыс болды. Баланың денесі Ақтөбеге жеткізілді.