Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада кафе өртеніп, 8 пәтер зардап шекті

/
Астанада кафе өртеніп, 8 пәтер зардап шекті
Сурет: Әкімдік

18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесі өртке оранды. Өрт салдарынан 8 пәтердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әкімдік, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды. ТЖД мен Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт жойылды.

Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«Өрт салдарынан 8 пәтер зардап шекті. Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Сондай-ақ барлық бағытта көмек көрсетілетін болады. Алдағы тәулік ішінде бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты және әкімдіктің қолдауы есебінен басталады»,- деп хабарлады қала әкімдігі.