Logo
Іздеу
Айдарлар

Парламент не үшін таратылатыны белгілі болды

/
Парламент не үшін таратылатыны белгілі болды
Сурет: pexels

Қырғызстанда президент пен парламент сайлауының мерзімі сәйкес келуі мүмкін, сондықтан депутаттар тобы Жогорку Кенештің өзін-өзі мерзімінен бұрын таратуын ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы 17 қыркүйектегі отырыста парламент спикері Нурланбек Тургунбек уулу хабарлады.

Оның айтуынша, парламент сайлауы 2026 жылдың қарашасына жоспарланған, ал президент сайлауы 2027 жылдың қаңтарында өтпек. Осылайша, сайлау науқандары дерлік қатар жүреді.

Бастаманы қазірдің өзінде 32 депутат қолдап, өтінішке қол қойған.

Тургунбек уулу атап өткендей, Жогорку Кенешті тарату құқығы тек парламенттің өзінде, оны президент те, үкімет те, сыртқы күштер де тарата алмайды.

Депутаттар бастамашыл тобына бағытталған сынға жауап берген спикер оны арандатушылық деп атады.