Logo
Іздеу
Айдарлар

Imanbek тағы да «Грэмми» сыйлығына ұсынылды

/
Imanbek тағы да «Грэмми» сыйлығына ұсынылды
Сурет: ашық дереккөзден

Бұл туралы RollingStone сайтында жарияланған Latin Grammy номинанттарының тізімінен белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Латын электронды музыкасының үздік орындауы» аталымында Imanbek & Taichu орындаған «Ella Quiere Techno» трегі тұр. Бұл — қазақстандық диджей мен аргентиналық әнші Taichu-дың бірлескен жұмысы.

Бұған дейін Иманбек Зейкенов 2021 жылы «Жылдың үздік ремиксі» аталымында «Грэмми» жеңіп алған болатын.

Жеңімпаздар 13 қарашада жарияланады.