Logo
Іздеу
Айдарлар

Жат діни ағымның мүшелерінен заңсыз қару анықталды

/
Жат діни ағымның мүшелерінен заңсыз қару анықталды
Сурет: ашық дереккөзден

Түркістан облысында деструктивті діни ағымның мүшелерінен «ТТ» маркалы тапанша, «Байкал МР-461» маркалы қару табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен ІІМ-нің «Р» басқармасы және ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталған.

«Олардың «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлігінен 9 мм калибрлі бір дана «ТТ» маркалы тапанша және 18*45 калибрлі «Байкал МР-461» маркалы қару табылып, тәркіленді. Аталған қарулардың оқ атуға жарамды екендігі анықталды», - деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.

 Қазіргі таңда бұл қарулардың өзге де қылмыстарда қолданылғанын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Сонымен қатар, негізгі фигуранттың тұрғылықты мекенжайында ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. 02.09.2025ж. ҚР ҚК-нің 287-б. 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деді прокуратурадағылар.

Күдіктілер ұсталды.