Logo
Іздеу
Айдарлар

Амантай қажы вандализммен айналысып жүр ме?

/
Амантай қажы вандализммен айналысып жүр ме?
Сурет: әлеуметтік желіден

18 қыркүйек күні күндіз алматылықтар Сейфуллин – Райымбек жолайрығындағы көпірдің астынан егде жастағы ер адамды байқап қалған. Ол көпір тірегіне түрлі-түсті жазулар қалдырған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ер адам қызыл бояумен «Аттан» деген сөзді жазып қойған.

Алматы қалалық полиция департаменті оның әрекеті бойынша әңгіме жүргізілгенін, сондай-ақ қала абаттандыру ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын хабарлады.

Желіде пайда болған фотолардан «бұзақылық жасаған» адам — танымал қоғам қайраткері, ақсақал әрі ҚР президенттігіне бұрынғы үміткер Амантай қажы екенін көруге болады.