Жыл басынан бері Қазақстанда балалар саудасына қатысты 19 қылмыстық іс қозғалды. Мәселе асырап алу мақсатында сатылған жаңа туған нәрестелер жайлы болып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Адам саудасымен күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаеваның айтуынша, бұл схемада баладан бас тартуға дайын ата-аналар, бала сүйе алмай жүрген отбасылар және осыны кәсіпке айналдырған делдалдар қатысқан, деп жазды ZTB news телеграм арнасы.
Оның сөзінше, мұндай қадамға әртүрлі себеп итермелейді: бірі сәбиді асырап-бағуға шамасы келмегендіктен, бірі жүктілікті жоспарламағандықтан, енді бірі тек ақша табуды мақсат еткен.