Санкциялар 2015 жылғы ядролық келісім жасалғаннан кейін тоқтатылған болатын, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ұлыбритания, Франция және Германия Иранды ядролық қаруды жасауға, сатып алуға немесе әзірлеуге ұмтылмайтынына кепілдік беретін келісім шарттарын бұзды деп айыптады. Бұл айыптауды АҚШ-ты қоса алғанда тағы алты мемлекет қолдады.
Ал Қытай, Пәкістан және Ресей санкцияларды тоқтата тұруды ұзарту үшін дауыс беріп, Иранды қолдады.
Егер Иран мен Еуропа көшбасшылары 26 қыркүйекке дейін келісімге келе алмаса, шешім күшіне енеді.
19 қыркүйекте Ақорда Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке сапарын жариялады. Алайда ел басшысы АҚШ-қа бару жоспары туралы халыққа дәстүрлі жыл сайынғы жолдау күні-ақ айтқан еді.