Logo
Іздеу
Айдарлар

БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында Қазақстан мен Украина СІМ-і кездесті

/
БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында Қазақстан мен Украина СІМ-і кездесті
Сурет: gov.kz

Қазақстан және Украина сыртқы істер министрлері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында кездесті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Нью-Йорк, 2025 жылғы 20 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен кездесу өткізді, - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Сұхбат барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және қазақ-украин ынтымақтастығының қазіргі даму ахуалы бойынша пікір алмасу орын алды.

М.Нұртілеу Қазақстанның Украинадағы жағдайды тез арада реттеуге және елде тұрақты бейбітшіліктің орнауына мүдделі екенін растады.

Атап айтқанда, Астана қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдап келгенін және бұл ұстанымда екені аталып өтті.