Logo
Іздеу
Айдарлар

Ғалымдар парацетамол мен аутизм арасындағы байланысты анықтады

/
Ғалымдар парацетамол мен аутизм арасындағы байланысты анықтады
Сурет: Рixabay

Трамп әкімшілігі балаларда аутизмнің даму қаупі әйелдердің жүктіліктің ерте кезеңінде ацетаминофенді (парацетамол) қолдануымен байланысты болуы мүмкін екенін жариялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы The Washington Post дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Басылымның жазуынша, шенеуніктер соңғы зерттеу нәтижелерін зерделеп жатыр. Билік жүктіліктің алғашқы айларында әйелдерге тек дене қызуы көтерілген жағдайда ғана «Тайленол» қолдануға кеңес бермек.

Сонымен қатар, шенеуніктер лейковорин препаратын аутизмді емдеудің ықтимал құралы ретінде жарнамалауды жоспарлап отыр. Әдетте ол кейбір дәрілердің жанама әсерлерін жоюға және В9 дәруменінің жетіспеушілігін емдеуге тағайындалады.

Материалда айтылғандай, аутизмі бар балаларға лейковорин қолдану бойынша жүргізілген ерте кезеңдегі қосарланған жасырын плацебо-бақыланған зерттеулер олардың сөйлеу және өзгелерді түсіну қабілетін айтарлықтай жақсартқан.