Logo
Іздеу
Айдарлар

Маргарита Симоньяннан жаман ауру анықталды

/
Маргарита Симоньяннан жаман ауру анықталды
Сурет: ашық дереккөзден

«Россия сегодня» халықаралық медиатобы мен RT телеарнасының басшысы Маргарита Симоньян рак ауруына байланысты ем қабылдап жатқанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Онкологиялық дерт жайлы М. Симоньян өзінің ресми Telegram-арнасында жариялап, былай деп жазды:
«Тигран әлі комада, ал мен ракқа қарсы ем қабылдап жатырмын. Мұнда қандай жақсылық болсын? Жақында мені парикпен көресіздер».

Еске сала кетейік, бұған дейін М. Симоньян өзінің «салмақты әрі үрейлі дерті» бар екенін айтқан, алайда ол кезде диагнозын ашып көрсетпеген еді.