Logo
Іздеу
Айдарлар

Адам ағзасын сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

/
Адам ағзасын сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Сурет: Рixabay

Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер министрлігі адам ағзаларын сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Операциялар көрші елдердің біріндегі жекеменшік клиникада жүргізілген.

Қылмыстық топ 12 Өзбекстан азаматыннан тұрған. Олар әлеуметтік желілер арқылы бүйрек және бауыр ауруына шалдыққан адамдарды тауып, оларға трансплантация ұсынған. Ал ағзаларды алу үшін топ мүшелері бүйрек немесе бауырдың бір бөлігін ірі сомаға сатуға дайын дені сау адамдарды іздеген.

«Шетелдегі таныстарының көмегімен олар жеке басты куәландыратын құжаттарды қолдан жасап, донорлар мен реципиенттерді туыстар ретінде көрсетіп, көрші елдердің біріндегі жекеменшік клиникада хирургиялық операциялар жүргізген», – делінген ІІМ мәліметінде.

2023 жылдан 2025 жылға дейін қылмыскерлердің көмегімен кемінде 32 науқасқа ағза ауыстырылған.