Logo
Іздеу
Айдарлар

Павлодар облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

/
Павлодар облысында жол апатынан бес адам қаза тапты
Сурет: ПД

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Павлодар–Қызылорда» автожолында болған өлімге әкелген жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апат салдарынан төрт жолаушы мен жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Полиция жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, 23 қыркүйек күні «Павлодар–Қызылорда» автожолының Байет ауылынан 5 шақырым жерде «Toyota Lucida» автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамағандықтан, «Sitrak» жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апатының салдарынан «Toyota» көлігі өртеніп кеткен», – делінген хабарламада.

Полиция жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде абай болуды және көліктің техникалық жағдайын қадағалауды ескертті.