Украина мен АҚШ президенттері кездесу өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Владимир Зеленский әуелі Дональд Трампқа қолдауы үшін алғыс айтып, АҚШ президентінің Еуропаға Ресейден энергетикалық ресурстар сатып алуды тоқтату жөніндегі үндеуін қолдайтынын жеткізді.
Кездесу барысында Трампқа ресейлік жойғыш ұшақтардың НАТО елдерінің әуе кеңістігін бұзуы туралы сұрақ қойылды.
Журналист АҚШ президентінен: егер одақтың әуе кеңістігіне ресейлік ұшақтар кірсе, НАТО елдері оларды атып түсіруі тиіс деп санайсыз ба? – деп сұрады.
«Иә, солай санаймын», – деп жауап берді Трамп.
БАҚ үшін ашық бөлігі бірнеше минутқа ғана созылды, одан кейін президенттер әңгімесін жабық есік жағдайында жалғастырды.