Logo
Іздеу
Айдарлар

Павлодардағы ЖЭО-да жұмысшы қаза тапты

/
Павлодардағы ЖЭО-да жұмысшы қаза тапты
Сурет: pexels

«Павлодарэнергоға» тиесілі жылу электр орталығында жұмыс барысында 33 жастағы дәнекерлеуші қаза болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 23 қыркүйек күні күндіз болған. Жедел жәрдемге қоңырау сағат 14:48-де түсті, тоғыз минуттан кейін бригада оқиға орнына жеткен. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын растаған.

«Қайғылы жағдай „Павлодарэнерго“ АҚ-ның ЖЭО-2 нысанында ВЗП кубтарын шығару кезінде болды. Субмердігер компанияның жұмысшысы ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Тексеру басталды, мән-жайлар анықталып жатыр», - деп мәлімдеді Еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.

Айта кетейік, тамыз айының соңында Степногорск ЖЭО-да жұмысшы қаза тапқан еді. Ал тамыздың басында Павлодар облысындағы «Богатырь Көмір» кенішінде машинист опат болған.