Logo
Іздеу
Айдарлар

Тоқаев БҰҰ Жарғысын қайта қарауды ұсынды

/
Тоқаев БҰҰ Жарғысын қайта қарауды ұсынды
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы жалпы пікірталаста сөз сөйледі, , деп хабарлайды Arasha.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз сөзінде:

«Сегіз онжылдық бойы Біріккен Ұлттар Ұйымы адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуде шешуші рөл атқарып келеді. Осы жылдар ішінде БҰҰ ұжымдық қауіпсіздікті нығайтуға, ядролық қаруды таратпауға, бейбітшілікті қолдауға, прогреске қол жеткізуге, кедейлікті азайтуға, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге және адам құқықтарын қорғауға бағытталған ортақ күш-жігерімізге жетекшілік етті.

Бірақ шындықты мойындауымыз керек: бізді қоршаған әлем түбегейлі өзгерді, өкінішке қарай, ол жақсы жағына емес. Дәл осы себепті Біріккен Ұлттар Ұйымы бүгінде де бүкіл планетадағы миллиондаған адам үшін үміттің символы болып отыр.

Бұл тарихи кездесу – әмбебап әрі шынымен де алмастырылмайтын ұйымымыздың негізгі қағидаттары мен мақсаттарына адалдығымызды тағы да растауға арналған бірегей мүмкіндік», – деді Президент.