Logo
Іздеу
Айдарлар

15 жастағы қызды некеге берген отбасына айыппұл салынды

/
15 жастағы қызды некеге берген отбасына айыппұл салынды
Сурет: видеодан скрин

Өзбекстанда 15 жастағы қызбен неке қию рәсімі өтті. Бұл туралы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомство деректеріне сәйкес, шілде айында Сұрхандария облысында 15 жастағы қызды 28 жастағы жігітке күштеп күйеуге берген қыздың отбасына назар аударылған. Сол кезде оны тұрмысқа бермек болған, бірақ жағдайға әлеуметтік қызметкерлер араласқан.

«Кәмелетке толмаған қызды тұрмысқа беру заңға қайшы екені анықталып, отбасына ескерту жасалды», – делінген хабарламада.

Алайда болған жайтқа қарамастан, 10 тамызда қыз тұрмысқа шыққан. Бұл жағдайдан құзырлы органдар хабардар болған соң, кінәлілерге айыппұл салынған.

Қазіргі уақытта қыз кәсіптік училищеде білім алуда. Әлеуметтік қызметкерлер отбасы жағдайын және кәмелетке толмаған жұбайдың білім алу құқығының сақталуын қадағалап отыр.

Бұған дейін Үндістанда 13 жастағы қыз 40 жастағы ер адамға тұрмысқа шыққан болатын. Сегізінші сынып оқушысы бұл туралы мұғаліміне айтып берген, ол құқық қорғау органдарына жүгінген. Қазір қыз қорғалып, психологиялық көмек алуда.