Ердоған 6 жылдан кейін алғаш рет Ақ үйге барды. Келіссөздердің өзегінде – F-35 жойғыш ұшақтарының бағдарламасы, америкалық Patriot зымырандары және Түркия Ресейдің С-400 жүйесін сатып алғаннан кейін енгізілген санкциялар сөз болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Трамп «Мен оның Украинамен соғысып жатқан Ресейден мұнай сатып алуын тоқтатқанын қалар едім», деп мәлімдеді.
АҚШ президентінің айтуынша, Анкараның ресейлік мұнай мен газдан бас тартуы «Путинге қысымды күшейтудің ең жақсы жолы» болмақ.
Қазір Ресей Түркияның мұнайға деген қажеттілігінің 66%-ын, ал газдың 41%-ын қамтамасыз етіп отыр. Бірақ Анкара қазірдің өзінде әртараптандыруды бастап, АҚШ-тан сұйытылған табиғи газға (СПГ) ұзақ мерзімді келісімдер жасасты.