Logo
Іздеу
Айдарлар

Мұрат Нұртілеу ҚР сыртқы істер министрі қызметінен босатылды, оның орнына Ермек Көшербаев тағайындалды

/
Мұрат Нұртілеу ҚР сыртқы істер министрі қызметінен босатылды, оның орнына Ермек Көшербаев тағайындалды
Сурет: ашық дереккөзден

Ал Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Еске салайық, 4 қыркүйекте ORDA басылымының бас редакторы Гүлнар Бажкенова өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында және ORDA Telegram-арнасында вице-премьер – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, кәсіпкер Хаджи Хаджиев және ҰҚК-нің жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталғаны жөнінде ақпарат жариялаған болатын.

Бажкенова құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сілтеме жасаған. Бас редактордың айтуынша, аталған тұлғалар Нұртілеудің Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитінен оралғаннан кейінгі күні ұсталған.

Билік тарапынан Нұртілеудің ұсталғаны ресми түрде дерлік бірден теріске шығарылды, ал өзі көпшілік алдында жиі көріне бастады.