Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада автобуста төбелескендер анықталды

/
Астанада автобуста төбелескендер анықталды
Сурет: видеодан скрин

Астана полициясы әлеуметтік желілерде тараған №61 автобус ішіндегі төбелеске қатысқан адамдарды анықтады, деп хабарлайды Arasha.kz. қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам мен колледждің екінші курс студенттері арасындағы жанжал 25 қыркүйекте болған. Себебі – жасөспірімдер жолаушыларға орын бермеген. Олар сөзге келіп, арты төбелеске ұласып, ер адам студенттердің бірін тепкен.

«Аталған оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталды. Ер адамға қатысты “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал кәмелетке толмағандармен заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деді Астана қалалық ПД.