Logo
Іздеу
Айдарлар

25 қазандағы мерекеге орай демалыс күндері белгілі болды

/
25 қазандағы мерекеге орай демалыс күндері белгілі болды
Сурет: ашық дереккөзден

2022 жылдан бастап Қазақстанда 25 қазанда аталып өтетін Республика күні қайтадан мемлекеттік мереке әрі демалыс күні болып белгіленген, деп хабарлайды Arasha.kz.

2025 жылы 25 қазан сенбіге сәйкес келеді.

Осылайша қазақстандықтар Республика күні былайша демалады:

-    бескүндік жұмыс аптасында – 25, 26, 27 қазан демалыс;

-    алтыкүндік жұмыс аптасында – 25, 26 қазан демалыс, 27 қазан жұмыс күні.

Бұдан бөлек, осы айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Олар жұмыс күніне сәйкес келгенімен, аталып өтіледі және оған қатысы бар адамдарды құттықтайды.

Кәсіби мерекелер тізімі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығы негізінде жарияланған. Бұл құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енген.