НАТО елдерінің өкілдері Мәскеудегі келіссөздер барысында Ресей билігіне олардың әуе кеңістігіне баса-көктеп кірген ресейлік ұшақтарды атып түсіруге дайын екенін ескертті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Bloomberg басылымының дереккөздерінің айтуынша, ескерту Ұлыбритания, Германия және Франция елшіліктерінің басшылары ресейлік тараппен өткізген «шиеленісті кездесу» кезінде жасалған.
Атап айтқанда, еуропалық дипломаттар ресейлік МиГ-31 жойғыш ұшақтарының Эстония әуе кеңістігіне басып кіруіне алаңдаушылық білдірген. Олардың пікірінше, бұл оқиға әдейі жасалған.