Logo
Іздеу
Айдарлар

Бұзық жолмен жемеңдер. Бас мүфти парақорлық жайлы айтты

/
Бұзық жолмен жемеңдер. Бас мүфти парақорлық жайлы айтты
Сурет: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мұсылмандарды адал болуға шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Наурызбай қажы Маңғыстау облысына барған сапарында жұмада ашылған «Шопан ата» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Алла Тағала «Бақара» сүресінің 188-аятында: «Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар» деп ескерткен. Мінеки, Алла Тағала қасиетті бұл аятта сыбайлас жемқорлыққа тыйым салып тұрғандығын анық көреміз.
Тәпсір дереккөздерінде Абдулла Ибн Омар (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарымыз пара берушіні де, пара алушыны да лағнеттеген», – деген. Бұл хадисте параны талап ету, оны беру, параға дәнекер болу күнә екені меңзеледі. Алла Тағала баршамызды мұндай жаман істерден аман еткей», -  деді ол.