Дауыс берулердің шамамен 97%-ы саналған кезде «Әрекет және ынтымақ» (PAS) партиясы 49,7% жинап, парламенттегі 101 орынның 54-ін иеленді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Дегенмен, бұл көрсеткіш өткен шақырылымдағыдан аз – ол кезде PAS-тың 61 депутаты болған.
Тағы бір еуропашыл саяси ұйым – «Альтернатива» блогы алдын ала деректер бойынша сегіз мандат алады.
Ал ресейшіл «Патриоттық блок» Молдова орталық сайлау комиссиясының есептеуінше, шамамен 24,5% дауыс жинап, 27 депутаттық орынға қол жеткізді.