Logo
Іздеу
Айдарлар

Аргентинада мыңдаған адам әйелдерге жасалған зорлық-зомбылыққа қарсы наразылыққа шықты

/
Аргентинада мыңдаған адам әйелдерге жасалған зорлық-зомбылыққа қарсы наразылыққа шықты
Сурет: ашық дереккөзден

Буэнос-Айресте бірнеше мың тұрғын үш қызды қатыгездікпен өлтірген қылмыскерлерді жазалауды талап етіп, шеруге шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

NDTV мәліметінше, шеру президент сарайының алдынан басталып, конгресс ғимаратының жанында аяқталған. Оған қоғамдық ұйым өкілдері мен қарапайым тұрғындар, негізінен әйелдер қатысқан.

Наразылыққа шыққандар қаза тапқан қыздардың суреттерін ұстаған: 20 жастағы Морена Верди мен Бренда дель Кастильо, сондай-ақ 15 жастағы Лара Гутьеррес.

Қыздар 19 қыркүйекте жоғалып кеткен, ал олардың денелері бес күннен кейін Буэнос-Айрестің маңындағы Флоренсио Варела қаласында табылды. Құрбандар өлім алдында азапталған. Қылмыс TikTok-та тікелей эфирде көрсетілген.