Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Қазақстанда 100 жастан асқан қанша адам бары анықталды

Қазақстанда 100 жастан асқан қанша адам бары анықталды
Сурет: Рixabay

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қарттар күніне орай қызықты статистикамен бөлісті. Ведомство деректеріне сәйкес, елімізде жасы 100-ден асқан 448 азамат бар. Олардың ең үлкені Ұлытау облысында тұрады. Ол 115 жасқа толған, деп хабарлайды Arasha.kz.

— Ең көп ұзақ жасаушылар еліміздің ең ірі қаласы Алматыда тұрады, мұнда жасы 100-ден асқан 58 адам бар. Ұзақ жасаушылар саны бойынша екінші орында Түркістан облысы тұр. Онда жасы 100-ден асқан 53 тұрғын бар. Үшінші орында Алматы облысы, мұнда жасы 100-ден асқан 37 адам бар. Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны – 115 жас, Павлодар облысының тұрғыны – 113 жас, Жамбыл облысының тұрғыны – 110 жасқа келген азаматтар енді, — делінген ведомство хабарламасында.

Әлемде жыл сайын 1 қазанда Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылғы 14 желтоқсанда өткен 45-сессиясында жариялаған.

Айта кетейік, Қазақстанның кейбір өңірлерінде Қарттар күніне орай жергілікті бюджет есебінен бір реттік жәрдемақы төленеді. Алайда батысқазақстандық зейнеткерлерге мұндай төлемдер қарастырылмаған.