Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматы облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты

/
Алматы облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты
Сурет: ашық дереккөзден

Алматы – Бішкек автожолының 107-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Алматы – Бішкек автожолының 107-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала деректерге сәйкес, Lexus автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан сегіз адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді», – делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Полиция жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және жолда аса мұқият болуды сұрайды», – деп қорытындылады департамент.