Кеше алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы Чемпиондар лигасының екінші тур ойынының тікелей трансляциясы кезінде Qazaqstan және Qazsport телеарналары мен олардың сайттары жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Qazaqstan порталы арқылы онлайн-көрсетілімді қосуға тырысқан қолданушыларға «Сервер табылмады» деген хабарлама шығады. Ал Qazsport ресурсында «Сервер qazsporttv жауап беру уақытын асырды» деген қате көрсетіледі.
Кейде ғана трансляция қайта қосылып үлгергенімен, ол тұрақты емес.
Qazsport телеарнасы ашылмай жатқанына ашулы көрермендер әлеуметтік желіде наразылықтарын білдіріп жатты. Жанкүйерлер матчты көре алмай отырғанына қатты қапалы екендіктерін жеткізді.
«Қайрат» – «Реал» кездесуі Алматыдағы Орталық стадионда жергілікті уақытпен 21:45-те басталған болатын. Ойын қорытындысы 5:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.