«Қайрат» пен «Реал Мадрид» футбол клубтары арасындағы ойынды тікелей эфирде көрсету кезінде техникалық ақаулар орын алды. Ұйым оларды жедел түрде жоюға тырысқанымен, бұл мүмкін болмады, деп мәлімдеді QazSport.
Көрермендер трансляцияның үзілуіне шағымданды. РТРК болса, мәселе интернет-желідегі сыртқы ақаулардан туындағанын мәлімдеді.
Цифрлық даму министрлігінде бұл ақауларға жауапты еместігін атап өтті: себебі проблема РТРК платформасында болған, ал интернет пен байланыс тұрақты жұмыс істеген.
«Қайрат» «Реалға» 0:5 есебімен жеңілді. Билеттерді жүздеген мың адам сатып алуға тырысқан, алайда көпшілігі сатып алу барысында қиындықтарға тап болды.