Logo
Іздеу
Айдарлар

Қарағандыда кәріз желілерін жүргізу кезінде екі жұмысшы қаза тапты

/
Қарағандыда кәріз желілерін жүргізу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Сурет: видеодан скрин

Оқиға 1 қазан күні таңертең болды. Қайтыс болғандардың бірі – 18 жаста, екіншісі – 41 жаста, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қарағанды Су» компаниясындағылардың айтуынша, олар мердігер ұйым «НС Система» ЖШС-нің қызметкерлері болған. Алайда мердігер компанияның директоры Әсет Мұқаев марқұмдарды танымайтынын, олардың өз қызметкерлері еместігін айтты, деп жазды Orda.kz.

«Олардың біздің компания қызметкерлері еместігін растай аламыз. Бұдан өзге бізде ақпарат жоқ», – деді ол.

Соған қарамастан, ол қайғылы жағдай компания нысанында болғандықтан, жерлеу шығындарын өз мойнына алуға келісті.

Қарағанды облысының полиция департаментінде тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала деректерге сәйкес, қаза болғандар кәріз құбырларын ауыстыру кезінде топырақ астында қалып қойған.