Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Ертаевты босату туралы сот шешімі жойылды

Ертаевты босату туралы сот шешімі жойылды
Сурет: ашық дереккөзден

Bank RBK-ның бұрынғы басшысы Жомарт Ертаевқа қатысты сот қаулысы жойылды, деп мәлімдеді адвокат Абзал Құспан, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бүгін Ертаевқа қатысты сот қаулысы жойылды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, прокурорға және Алматы облысының сотына, сондай-ақ бұл мәселені алғаш көтерген журналистерге шын жүректен алғыс айтамын!» – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Еске салайық, 3 қыркүйекте Bank RBK-ның бұрынғы басшысы Жомарт Ертаев бостандыққа шыққан болатын. Кейінірек Ішкі істер министрі Ержан Саденов Ертаевтың босатылуына қатысты пікір білдірді.