Егер НАТО Ресейдің шекарасына жақындамаған болса, Украинадағы қақтығысты болдырмауға болатын еді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин "Валдай" халықаралық пікірталас клубының жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол Ресейдің екі рет НАТО-ға кірмек болғанын, бірақ екі ретте де бас тартылғанын еске салды.
«Егер Трамп билікте болғанда, Украинадағы соғыстың алдын алуға болар еді», – деді Ресей басшысы, Трамптың өз мәлімдемесін қайталап.
Путин Ресей мен Украина арасындағы соғыс үшін жауапкершілікті Еуропаға жүктеді: «Өкінішке қарай, әзірге Украинадағы әскери әрекеттерді тоқтату мүмкін болмай тұр, бірақ бұл үшін жауапкершілік бірінші кезекте Еуропаның мойнында».
Сондай-ақ Путин Ресей Еуропадағы күшейіп келе жатқан милитаризацияны мұқият бақылап отырғанын және оған жедел жауап қайтаратынын ескертті: «Еуропаның милитаризациясына Ресейдің жауап шаралары көп күттірмейді».