Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге қатысты айтқан «қағаз жолбарыс» сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Валдай пікірталас клубының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Путин Ресейдің Украина армиясымен емес, іс жүзінде НАТО-ның барлық елдерімен соғысып жатқанын айтты.
«Қағаз жолбарыс дейсіз бе? Онда барып, сол „қағаз жолбарыспен“ бетпе-бет келіп көріңдер», — деді Путин.
Сондай-ақ ол Ресей осы жылдар бойы Украинамен емес, іс жүзінде НАТО-ның барлық елдерімен соғысып келеді, деді.
«Ресей армиясы, мемлекеті мен қорғаныс өнеркәсібі бұл сын-қатерге жылдам бейімделді», — деп ерекше атап өтті Ресей басшысы.