Logo
Іздеу
Айдарлар

Атырауда мас адам жедел жәрдем көлігінде төбелес шығарды

/
Атырауда мас адам жедел жәрдем көлігінде төбелес шығарды
Сурет: видеодан скрин

2 қазан кешкісін Балықшы ықшамауданында көшедегі жүргіншілер Toyota көлігінің ішінде екі ер адам отырғанын байқайды, олар есінен танып қалғандай көрінгендіктен «103»-ке хабарласқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Екеуі де қатты мас күйінде болған. Оның бірін полицияға тапсырса, екіншісін – 29 жастағы аяғынан жарақат алған атыраулықты – жедел жәрдемге тиеген.

Алайда ол жедел жәрдем көлігінің ішінде қарсылық көрсетіп, төбелес шығарған.

Айта кетейік, ер адам полицейдің формасына ұқсас камуфляж киген.

Дегенмен, полиция департаменті оның құқық қорғау органдарына еш қатысы жоқ екенін нақтылады.

Оған ҚР ҚК-нің 346-бабы («Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы») бойынша қылмыстық іс қозғалып, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 675-бабы («Арнайы киім мен нысанды заңсыз кию») бойынша хаттама толтырылды.

Іс материалдары сотқа жолданды.