Logo
Іздеу
Айдарлар

Олигархтың әйелі «Қаңтар» оқиғасының қайталануынан қорқып, үндеу жасады

/
Олигархтың әйелі «Қаңтар» оқиғасының қайталануынан қорқып, үндеу жасады
Сурет: ТАСС

Олигарх Сергей Канның жұбайы – кәсіпкер Жанна Кан «Қаңтар оқиғасының» қайталануынан алаңдап, салық төлеу қажеттігін айтты, , деп хабарлайды Arasha.kz сайты BES.Media-ға сілтеме жасап.

«Біз салық төлеуге дағдыланбағанбыз, мемлекет біз үшін бір жат дүние секілді: біз қайда кететіні белгісіз ақша береміз. Бірақ әлемде табиғат заңы солай жұмыс істейді: егер біз бермесек, ештеңе алмаймыз. Бұл экономиканың жағдайынан, даму деңгейімізден көрініп тұр. Швейцарияға, Америкаға, Францияға назар аударайық: ол жақта ақшаның қомақты бөлігі, бәлкім жартысынан көбі салыққа кетеді. Бірақ адамдар соған үйренген, өйткені кейін сол салықтар өздеріне қайтып келеді. Бірақ, білесіз бе, салық төлеген әлдеқайда дұрыс, тұрақсыз мемлекетте өмір сүргеннен гөрі. Кез келген сәтте «Қаңтар» қайталануы мүмкін немесе біреу бизнесіңді рейдерлік жолмен тартып алуы ықтимал. Ертең тұрақсыздық орнауы ғажап емес, тіпті соғыс басталып кетуі де мүмкін», – деді Кан.

Еске сала кетсек, оның күйеуі Сергей Кан бизнес-серіктесі, олигарх Александр Клебановпен бірге түрлі схемаларға және энергетикалық компаниялардың, соның ішінде Екібастұз және басқа қалалардағы ЖЭО проблемаларына байланысты сынға ұшырап келеді.

Ал Жанна Кан бұған дейін де халықтың шынайы проблемаларынан алшақ пікір білдіргені үшін сыналған болатын. Әсіресе, қазақстандықтардың қымбат брендтік тауарларды алуға тырысады деген сөзі қоғамда үлкен наразылық тудырған еді. Мысалы, оның «бұл – таңғаларлық құбылыс, әр қазақстандық өз борышы деп Louis Vuitton-нан бірдеңе алуды санайды» деген пікірі үлкен дау тудырған.

«Білесіз бе, көбірек жұмыс істеу керек: көбірек табамыз – көбірек береміз, көбірек береміз – көбірек қайтып келеді», – деді ол бұл жолы BES.Media-ға берген сұхбатында.