Logo
Іздеу
Айдарлар

Оңтүстік Кореяда қазақ жігіт елге қайту үшін кафе тонаған

/
Оңтүстік Кореяда қазақ жігіт елге қайту үшін кафе тонаған
Сурет: ЖИ

Kyeonggi басылымының хабарлауынша, ол ұрлық жасағаннан кейін 10 минут ішінде ұсталған, деп хабарлайды Arasha.kz.

20 жастағы қазақстандық Ансан қаласында қолға түсті. Ол жұмыссыз қалып, Қазақстанға оралу үшін ақша ұрлағанын айтқан.

10 қыркүйек күні таңертең ол кафе терезесінен кіріп, кассадан 420 мың вон (шамамен 164 мың теңге) және қайырымдылық жәшігінен 60–70 мың вон (24–27 мың теңге) алған. Дүкен иесі оны байқап қалып, полицияға хабарлаған. Құқық қорғаушылар қашып бара жатқан жігітті небәрі 10 минутта ұстады.

Тергеу дерегінше, ол 2024 жылы жұмыс визасымен Кореяға келіп, құрылыс алаңдарында күндік жұмыс істеген. Жұмысынан айырылғаннан кейін қоғамдық моншаларда тұрған.

«Билет алып, Қазақстанға қайтқым келді», – деген ол тергеуде.

Бұған дейін Индонезияда екі қазақстандықтың есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен өлім жазасына кесілуі мүмкін екені хабарланған.