Logo
Іздеу
Айдарлар

20 қазаннан бастап Қазақстанға автокөлік әкелу ережелері өзгереді

/
20 қазаннан бастап Қазақстанға автокөлік әкелу ережелері өзгереді
Сурет: pexels

2025 жылғы 20 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 45 шешімі күшіне енеді. Ол «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» кедендік техникалық регламентке түзету енгізіп, «бір көлік құралы» түсінігін нақтылайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлағандай, жаңа өзгерістер жеке тұлғалар өз пайдалануына әкелетін көліктер ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 74 шешімімен бекітілген тізімге ғана жатады.

Бұл тізімге кіретін көліктер:

-Жеңіл автомобильдер (медициналық көліктерден басқа) және адамдарды тасымалдауға арналған көліктер.

-Квадроциклдер, қар кешкіштер, жолда жүрмейтін мотокөліктер (жарыс машиналарын қоспағанда).

-Мотоциклдер, мопедтер, мотороллерлер.

Жүргізушіні қоса алғанда 12 адамға дейін тасымалдайтын көліктер және салмағы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктері (радиоактивті материал тасымалдайтын арнайы көліктерден басқа).

Көлікті заңды айналымға енгізу үшін көлік құралының конструкциясының қауіпсіздік куәлігі (КҚКҚК) қажет. Ол кедендік рәсімдеу, электрондық паспорт алу және утиль алымын төлеу кезінде талап етіледі.

Маңыздысы: 2025 жылғы 20 қазаннан бастап, егер көлік жоғарыдағы тізімге кірмесе, оған қауіпсіздік куәлігі берілмейді. Демек, мұндай көлікті:

-кедендік рәсімдеуден өткізуге,

-электрондық паспорт алуға,

-утиль алымын төлеуге,

-мемлекеттік тіркеуге қоюға болмайды.

Осылайша, Қазақстанға әкелінетін көліктерге қойылатын талаптар қатаңдайды.