4 қазан кешінде Грузия астанасында өткен жаппай үкіметке қарсы митинг полициямен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Наразылық акциясы жергілікті сайлау күні басталған. Шеру Чавчавадзе даңғылында өтіп, қатысушылар Руставели даңғылындағы парламент ғимаратына дейін барды. Оларға қолдарында тулар, плакаттар және саяси тұтқындардың суреттері бар белсенділер қосылған.
Бостандық алаңында «грузин халқының декларациясы» жарияланғаннан кейін әнші әрі қоғам қайраткері Паата Бурчуладзе «билікті халық өз қолына алуы керек» деп мәлімдеді.
Осыдан кейін ондаған адам Орбелиани сарайына — президент резиденциясына қарай бет алды. Наразылар металл қоршауларды құлатып, олардың бір бөлігі аумаққа кіріп кеткен.