Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстанда жыл сайын 75 мың түсік жасалады

/
Қазақстанда жыл сайын 75 мың түсік жасалады
Сурет: pexels

Қазақстанда жыл сайын 75 мың түсік жасалады. Осыған байланысты емханаларда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға контрацепция құралдары тегін таратылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазақстанда жыл сайын 75 мың түсік жасалады. Әрине, отбасын жоспарлаудың заманауи әдістері бар кезде біз бұл көрсеткішті азайту бағытында жұмыс істеуіміз керек, өйткені әрбір түсік — әйелдің денсаулығы мен өміріне қауіп. Бүгінде емханаларда әлеуметтік осал топтағы азаматтарды отбасын жоспарлау құралдарымен қамтамасыз ету үшін қажетті қаражат бөлінген», — деді Әлназарова сейсенбі күні үкіметтегі брифингте.

Министрдің айтуынша, мұқтаж әйелдер контрацепция құралдарымен медициналық ұйымдардың өз бюджеттік есебінен қамтамасыз етіледі, ал кейбір өңірлер бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен қаржы бөлген.