Logo
Іздеу
Айдарлар

Тунисте президентті сынаған адам өлім жазасына кесілген

/
Тунисте президентті сынаған адам өлім жазасына кесілген
Сурет: pexels

Тунисте президентті сынаған адам өлім жазасына кесілген. Алайда қоғамдық сынның күшеюінен кейін сот Facebook-та президентті сынаған жазбалары үшін өлім жазасына кесілген 56 жастағы Сабер Шушанды босатты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Шушан — Кап Бон өңірінің алыс ауданында тұратын жұмысшы, үш баланың әкесі. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында бар болғаны бірнеше ондаған жазылушы болған. Ол өткен жылдың қаңтар айында ұсталған. Адам құқықтарын қорғаушылар атап өткендей, оған тағылған айыптар «өте бұлыңғыр» болған: ол президентті қорлау, мемлекеттік төңкеріс және жалған ақпарат тарату баптары бойынша айыпталған.

Өткен аптадағы өлім жазасы туралы шешімді белсенділер мен құқық қорғаушылар «ең төтенше және бұрын-соңды болмаған жағдай» деп атаған. Қатты сыннан кейін сот Шушанды босатты.

Тунисте сөз бостандығына шектеулер 2021 жылы президент Каис Саид парламентті таратып, биліктің барлық дерлік тетіктерін өз қолына алғаннан бері күшейген.